"Алтын доптан" үміткерлер белгілі болды

"Алтын доптан" үміткерлер белгілі болды

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) «Алтын доптан» үміткер аяқ доп шеберлерінің тізімін жариялады. Бұл туралы қауымдастықтың ресми сайты хабарлап отыр.

«Алтын допқа» үміткерлер арасында 2012/2013 маусымдағы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы мюнхендік «Бавария» сапынан 6 бірдей футболшы еніп отыр.

«Алтын допқа» үміткерлер тізімі:

Гарет Бэйл ("Реал", Уэльс), Луис Суарес ("Ливерпуль", Уругвай), Эдинсон Кавани ("ПСЖ", Уругвай), Радамель Фалькао ("Монако", Колумбия), Эден Азар ("Челси", Бельгия), Златан Ибрагимович ("ПСЖ", Швеция), Андрес Иньеста, Хави (екеуі де - "Барселона", Испания), Филипп Лам, Бастиан Швайнштайгер, Томас Мюллер, Мануэль Нойер (барлығы да - "Бавария", Германия), Месут Озил ("Арсенал", Германия), Роберт Левандовский ("Боруссия", Польша), Лионель Месси ("Барселона", Аргентина), Тиаго Силва ("ПСЖ", Бразилия), Неймар ("Барселона", Бразилия), Андреа Пирло ("Ювентус",Италия), Франк Рибери ("Бавария", Франция), Робин ван Перси ("Манчестер Юнайтед", Нидерланды), Арьен Роббен ("Бавария", Нидерланды), Криштиану Роналду ("Реал", Португалия), Яя Туре ("Манчестер Сити", Кот-д'Ивуар).

Сонымен қатар 2013 жылдың үздік бапкеріне 10 үміткердің де есімдері белгілі болды. Олардың қатарында экс-бапкерлер сэр Алекс Фергюсон (Манчестер Юнайтед) мен Юпп Хайкес (Бавария) те бар.

2013 жылдың үздік бапкеріне үміткерлер:

Карло Анчелотти ("Пари Сен-Жермен"/"Реал"), Рафаэль Бенитес ("Челси"/"Наполи"), Антонио Конте ("Ювентус"), Висенте дель Боске (Испания ұлттық құрамасы), Алекс Фергюсон ("Манчестер Юнайтед" экс-бапкері), Юпп Хайнкес (Бавария" экс-бапкері), Юрген Клопп ("Боруссия" Д), Жозе Моуринью ("Реал"/"Челси"), Луис Фелипе Сколари (Бразилия ұлттық құрамасы), Арсен Венгер ("Арсенал").

«Алтын доп» иегері ұлттық құрамалардың бас бапкері мен команда капитаны, және ФИФА қауымдастығына мүше бір тілшінің дауыс беруі арқылы анықталады. Желтоқсан айының басында басты үміткер 3 футболшының есімі белгілі болмақ. Ал «Алтын доп» иегері мен жылдың үздік футболшысын ФИФА 13 қаңтарда Цюрихтегі салтанатты кеште мәлімдейтін болады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, үш жыл бойы бұл мәртебелі атақты Лионель Месси иеленіп келеді. Ал өткен жылдың ең үздік бапкері болып Испания ұлттық құрамасының маманы Висенте дель Боске танылған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: nemyrivfootball.org 

Ө. Сансызбай