Ибрагимович: «Арманым алтын доп емес...»

Ибрагимович: «Арманым алтын доп емес...»

Швеция және «ПСЖ» командаларының шабуылшысы Златан Ибрагимович Франция ішкі біріншілігінің ХІ тур ойындарынан кейін баспасөз құралдарына берген сұхбатында «Алтын допты» армандамайтынын жеткізді.

- Менің «Алтын добым» – командаммен жеңіске жету. Бұл атақты армандамаймын. Менің арманым – өзім қорғаған команда жейдесімен биік белестерді бағындыру. Ал жеке футболшының жетістігі – бұл командаға қосалқы жеңіс деп қарауға болады, – деді ол француз тілшілеріне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше Лоран Блан командасы сырт алаңда «Сент-Этьенмен» тең ойнап қалған болатын. Ал басты қарсыласы «Монако» өз алаңында «Лионды» жеңді. Тағы бір айта кететін жайт, «Алтын доптан» үміткер  футболшылардың есімі ертең белгілі болады.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru 

Ө. Сансызбай