Геннадий Головкин әлемнің үздік бестігінде!

Геннадий Головкин әлемнің үздік бестігінде!

НВО телеарнасы нұсқасы бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Салмақ дәрежелері байланысты болып келмейтін (Pound-for-pound) әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық Флойд Мейвезер (36 жас) бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Андре Уорд (29 жас), Тимоти Брэдли (30 жас) және аргентиналық Серхио Мартинес (38 жас) бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады. 

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай