Каньяс пен Хижниченко "Шахтердан" кете ме?

Каньяс пен Хижниченко "Шахтердан" кете ме?

"Шахтер" командасының белді футболшылары Рохер Каньяс пен Сергей Хижниченко клуб сапында келер маусымда тер төкпеуі мүмкін. Мұндай ақпаратты sports.kz және vesti.kz сайттары таратып отыр.  

Колумбиялық жартылай қорғаушы келер маусымда "Ақтөбе" немесе алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетуі мүмкін. Екі футбол ұжымы да Рохерге барлық жағдайын жасауға дайын екенін жеткізуде. Сонымен қатар бұл футболшыға осыған дейін ағылшындық клубтардан да ұсыныстар келіп түскен көрінеді. Тағы бір айта кететін жайт, Рохер Каньяс Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін деген сыбыстар да тарауда. Бұл енді алдағы уақыттың еншісінде.

Ал "кеншілер" ұжымының бас шабуылшысы Сергей Хижниченкоға украиналық "Карпаты" командасы қызығушылық танытуда. Өйткені "Шахтер" шабуылшысы еурокубок жолындағы тартыста өзін көрсете білді. Төрт допты қарсылас қақпасында тоғытты. Ал украиналық клуб қазіргі таңда ішкі біріншіліктің 10-шы орнында келеді. Команданы 2011-2012 жылғы маусымда Украинада үздік бапкер атағын иеленген Александр Севидов жаттықтырады. Ал осыған дейін Сергей мәскеулік "ЦСКА" мен нидерландының "Фейеноорид" командаларының оқу-жаттығу сынақтарына қатысқан болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбаев

Сурет: prosportkz.kz

Ө. Сансызбай