Жиырма жастағы жігіт алтын тақты!

Жиырма жастағы жігіт алтын тақты!

75 келі салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып отыр, деп хабарлайды Массагет.кз.

Финалда отандық былғары қолғап шеберіміз ирландық Джейсон Куиглиден кездесті. Жәнібек алғашқы раундта ирландық боксшыны нокдаунға жіберіп, өз жеңісіне бір табан жақындай түсті. Сосын қазақ боксшысы епті қимылдап, ирландық жасаған шабуылдарға қарсы жауап қайтарып, әр сәтте айласын асырып отырды. Артық қимылға бара алмаған ирландық ақыры қазақ жігітінің мықтылығын мойындауына тура келді. Қазылар алқасы тиісті жеңісті Жәнібекке берді. 

Ертеректе 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Біржан Жақыпов финалда алжирлік Мохаммед Флиссиді жеңсе, 64 келі салмақта өнер көрсететін Мерей Ақшалов кубалық Ясньер Лопес Толедоны тізе бүктірді. 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данияр Елеусінов финалда кубалық Арисноидис Дэспейннен басым түсті.

Алда Иван Дычко рингке шығады. Отандасымызға жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Арыстанбек Фараби 

Сурет: chm2013.kfb.kz

Ө. Сансызбай