Капитан үшінші алтынды қоржынға салды!

Капитан үшінші алтынды қоржынға салды!

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Данияр Елеусінов финалда кубалық Арисноидис Дэспейнді жеңіп, команда қоржынына үшінші алтынды салып отыр.

Алғашқы раундты қос боксшы да сақтықпен бастаған болатын. Сол тұста отандық спортшымыз қарсыласынан басым түсіп жатқан еді. Өз кезегінде қазылар алқасы бір ауыздан жеңісті Жәнібекке берді.

Ертеректе 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Біржан Жақыпов финалда алжирлік Мохаммед Флиссиді жеңсе, 64 келі салмақта өнер көрсететін Мерей Ақшалов кубалық Ясньер Лопес Толедоны тізе бүктірген еді.

Алда Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко рингке шығады. Отандастарымызға жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Арыстанбек Фараби 

Сурет: chm2013.kfb.kz


Ө. Сансызбай