Сүйінші! Мерей Ақшалов алтыннан алқа тақты

О Сансызбай Корреспондент
Сүйінші! Мерей Ақшалов алтыннан алқа тақты

64 келі салмақта өнер көрсететін Мерей Ақшалов Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып отыр, деп хабарлайды Массагет.кз.

БӨЛІСУ

Шығыс өңірінің тумасы финалда кубалық Ясньер Лопес Толедомен жұдырықтасқан болатын. Алғашқы екі раундты өз пайдасына шешіп, үшінші раунд та есе жіберіп қойды демесеңіз, Мерей рингте сенімді жүрді. Ашық шабуылға шыға жүріп қорғаныста жүрген кубалықты бірнеше рет ауыр соққының астына алғаны өз үстемдігінен хабар беріп тұр еді. 

Жалпы есепте қазылар алқасы бір ауыздан жеңісті Мерейге берді. Сонымен, Мерей Ақшалов ел мерейін асқақтатып отыр!

Ертеректе 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Біржан Жақыпов финалда алжирлік Мохаммед Флиссиді жеңіп, команда қоржынына алғашқы алтынды алып келді. 

 Дайындаған: Арыстанбек Фараби 

Сурет: chm2013.kfb.kz