Біржан Жақыпов - Әлем чемпионы!

Біржан Жақыпов - Әлем чемпионы!

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Біржан Жақыпов финалда алжир Мохаммед Флиссиді жеңіп, команда қоржынына алғашқы алтынды салды.

Алғашқы раундта қарсыластар осал тұстарын аңдумен болды.Бірақ Біржан басымдығын танытып шықты. Екінші, үшінші раундта Мохеммед шабуылда өнер көрсеткенімен жерлесімізден айласын асыра алмады. Енді Біржан Жақыпов осыған дейінгі айтуы бойынша спорттық мансабын осы Әлем чемпионатынан кейін аяқтамақ. Жерлесімізді, жанкүйерлерді алғашқы алтынмен шын жүректен құттықтаймыз!

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай