"Сантьяго Бернабеу" стадионына жаңа төрт дизайн ұсынылды

"Сантьяго Бернабеу" стадионына жаңа төрт дизайн ұсынылды

101greatgoals.com хабарлауда, мадридтік «Реал» алдағы жазда өз аренасы «Сантьяго Бернабеу» стадионын қайта құрылымдап шықпақ.

Клуб президенті Флорентино Перес басшылықтың стадионды қайта құрылымдауға 400 млн еуро бөлетінін мәлім етті. Қазіргі таңда, Перестің айтуынша, жаңа дизайнға төрт негізгі нұсқа ұсынылып отыр екен. 

Жоспарланып отырғандай, 85 мың жанкүйер сыятын «Бернабеу» стадионы ашылып-жабылмалы шатыр мен әуе салқындатқыш жүйесімен жасақталатын болады. Сонымен қатар, стадион айналасында аздаған өзгерістер орын алмақ. Сол маңдағы инфрақұрылымдар өзгерістерге ұшырайтын көрінеді. 

Арнаулы жоспарды жүзеге асыруға Перес 300-400 млн еуро шамасында несие алмақшы. «Реал» басшылығы стадион толық құрылымдалып болған соң, жылына 80 млн еуро табыс әкеледі деп сендіруде. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: 101greatgoals.com