Чемпиондар Лигасы. Символикалық құрам

Ла Лига Корреспондент
Чемпиондар Лигасы. Символикалық құрам

УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар Лигасының үшінші тур ойындарының символикалық құрамын анықтады.

БӨЛІСУ

Осы аптаның ең үздік ойыншысы болып Францияның "ПСЖ" командасындағы шабуылшысы Златан Ибрагимович танылған. Аталған ойыншы Бельгияның «Андерлехт» командасына толассыз төрт гол соққан болатын. Мамандар швед жұлдызының ойынына 10 деген баға қойса, жанкүйерлер қауымы – 9.6.

Чемпиондар Лигасы, үшінші тур, символикалық құрам

Фрейзер Форстер («Селтик») - Грегори ван дер Виль (ПСЖ), Гари Кэхилл («Челси»), Матс Хуммельс («Боруссия»), Давид Алаба («Бавария») – Уэсли Снейдер («Галатасарай»), Риккардо Монтоливо («Милан»), Франк Рибери («Бавария») – Штефан Кисслинг («Байер»), Златан Ибрагимович (ПСЖ), Серхио Агуэро («Манчестер Сити»).

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Сурет: ru.uclratings.uefa.com