"Шахтер" 1 - 1 "АЗ Алкмаар"

Ла Лига Корреспондент
"Шахтер" 1 - 1 "АЗ Алкмаар"

Еуропа Лигасы топтық кезеңіндегі үшінші айналым ойындары аясында қарағандылық «Шахтер» «АЗ Алкмаар» командасымен кездесті - 1:1.

БӨЛІСУ

«Астана-Арена» стадионында  өткен тартысты ойында қарағандылық команда бірінші болып есеп ашты. Ойынның 11-минутында Симчевич берген пасты Финонченко қақпа торына тоғыта салған еді. Осы тұста бір айта кетерлігі, голдың соғылуына қай жолғыдай Вичюс септігін тигізді. Асыра сілтеген добы қарағандылық ойыншылардың түпкі ойларын жүзеге асыруға септескен болатын. 

Арада он минут өткенде, ойынның 26-минутында Йохан Гудмундссон Маттиас Йоханссон берген пасты сәтті пайдаланып, Александр Мокинмен бетпе-бет шығып, астаналық жұрттың өкінішіне орай гол соғып кетті...

Үш турдың қорытындысы бойынша "Шахтер" командасы L тобында үшінші орында тұр. Қарағандылық команданың еншісінде екі ұпай бар. Ал "АЗ Алкмаар" екінші орынға тұрақтаса, бірінші орында израильдік "Маккабиді" тізе бүктірген гректің "ПАОК" командасы жеті ұпаймен көш бастауда. 

Ендігі кездесу 7 қараша күні Нидерланды елінде өтеді. "Шахтерге" сәттілік тілейміз!

"Шахтер" командасы:  Александр Мокин (қақпада), Андрей Порываев, Алдин Джидич, Никола Василевич, Сергей Малый, Александр Симчевич, Геворг Казарян, Рохер Каньяс, Гедиминас Вичюс, Андрей Финонченко (капитан) мен Сергей Хижниченко.

"АЗ Алкмаар": Эстебан Альварадо (қақпада), Маттиас Юханссон, Ник Виргевер, Джеффри Гаувелеув, Ян Вейтенс, Неманья Гудель, Маартен Мартенс (капитан), Сельсо Ортис, Йоханн Гудмундссон, Арон Йоханссон мен Рой Бееренс.



Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: pamesports.gr; vk.com