Бокстан ӘЧ жартылай кездесулері ертең өтеді

Бокстан ӘЧ жартылай кездесулері ертең өтеді

Кеше хабарлағанымыздай, Алматыда өтіп жатқан бокстан AIBA әлем чемпионатының жартылай финалына еліміздің сегіз бірдей былғары қолғап шебері жолдама алды.

Ал жартылай финалдық кездесулер ертең, 25 қазанда өтеді. Енді сол кездесулерде біздің боксшылар кіммен және қашан шығатынына тоқталып өтейік:

Күндізгі кездеулер сағат 14:00-де басталады.

1 жұп Біржан Жақыпов (Қазақстан) - Йосвани Вейтиа (Куба)

2 жұп Қайрат Ералиев (Қазақстан) - Чавид Чалабиев (Әзірбайжан)

5 жұп Лопес Эвертон (Бразилия) - Мерей Ақшалов (Қазақстан)

8 жұп Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) - Энтони Фаулер (Англия)

Ал кешкі кездесулер 18:00-де басталады. Ол жерде төмендегі боксшыларымыз финалға жолдама алуға тырысады.  

4 жұп Берік Әбдірахманов (Қазақстан) - Ласаро Эстрадо (Куба),

5 жұп Аражик Марутян (Германия) - Данияр Елеусінов (Қазақстан)

7 жұп Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) - Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан),

10 жұп Эрик Пфайфер (Германия) - Иван Дычко. (Қазақстан)

Айта кетейік, аталған спортшылардың барлығы өз кездесулерін қалай өткізетіндігіне қарамастан, қазірдің өзінде әлем чемпионатының автоматты түрде қола жүлдегері атанып отыр. Себебі AIBA ережесі бойынша жартылай финалда сүрінген боксшылар қола медаль үшін сынға түспейді. Естеріңізге салсақ, осыған дейін тек Антон Пинчук (91 келіге дейінгі салмақта) пен Ілияс Сүлейменов (52 келіге дейін) қана жарысты ширек финалдан аяқтаған болатын.

Жартылай финалдық бәсекелердің қорытындылары жөнінде де Massaget.kz порталынан толық ақпаратты алдағы уақытта оқып біле аласыздар.

Естеріңізге салсақ, оңтүстік астанада өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты 26 қазанға дейін жалғасады. Жалпы бұл чемпионатқа бастапқыда дүниежүзінің 116 елінен 576 боксшы келсе, жартылай финалдық бәсекелеріне дейін олардың саны 18 елден 40 спортшы болып қысқарды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sport.news.am

Б. Қосмағамбет