"Милан" Хондаға құда түсті

Ла Лига Корреспондент
"Милан" Хондаға құда түсті

Француз басылымдары Кейсуке Хонда италиялық "Милан" командасымен 4,5 жылға келісімшарт жасасты деп хабарлауда. 27 жастағы жартылай қорғаушы мәскеулік ЦСКА сапында өнер көрсетіп келеді және арадағы келісім 2013 жылдың 37 желтоқсанында тәмам болмақ. 

БӨЛІСУ

Қысқы трансферлік ауысымда жапон футболшысы өз алдына еркін агент болып шығатыны айтылады. Сол уақытта Кейсуке Хонда жазғы маусымнан бері өзі армандап келе жатқан және өзіне қызығушылық танытып келе жатқан "рассонерилер" сапына ауыса алмақ. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін де мәскеулік команда мен "Милан" клубтары арасында кездесу өткен болатын. Алайда, екі жақтың өкілдері бір ауыздан келісімге келе алмап еді. 

L`Equipe хабарлап отырғандай, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Хонда "Миланның" жейдесін кимек.

Бір білетініміз, Хонда ЦСКА сапында 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында мәскеуліктер сапында 94 ойын өткізіп, 23 гол соққан. Және мәскеуліктердің қатарында жүріп жапон ойыншысы Ресейдің ішкі біріншілігін, Ресей Кубогін (екі мәрте) және Ресейдің Суперкубогін үш мәрте жеңіп алған.

Кеше Чемпиондар Лигасының топтық кездесулерінің үшінші тур ойындары өтіп, ЦСКА мен ағылшын алпауыты "Манчестер Сити" алаңға шықты. Сол ойында Хард қорғаған қақпадан саңылау іздеп, ақыры таба алмай кеткен көп ойыншылардың бірі Хонда еді. 

Ал "Милан" командасы "Сан Сиро" стадионында каталондық "Барселонамен" тең есеппен ойнады. Аллегри бапкер ішкі есебін орындауға жаңа орындаушылар іздестіріп жатқан көрінеді. Кака келгелі кәдуілгі ойын өрнегін тапқан "рассонерилер" құрамдарын толық жасақтап алмақ ойда екен. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: acmilanfan.ru