Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Сүлейменов Селбиден аса алмады

Сүлейменов Селбиден аса алмады

Сүлейменов Селбиден аса алмады

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының тоғызыншы күнінде еліміздің намысын қорғайтын барлық былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға көтерілді...

52 келі салмақта өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов ширек финалда британдық боксшы Эндрю Селбимен кездесіп, жартылай финалға шыға алмады. 

Ширек финалдық кездесуде қазақ спортшысы британдық былғары қолғап шебері Эндрю Селбиге есе жіберіп қойды. Отандық спортшымыз бірінші раундты өз пайдасына 3:0 есебімен аяқтаған болса да, екінші раундта дәл осы есеппен есе жіберіп алды. Ал үшінші бөлікте валиялық боксшы басымдылық танытып, қазылар алқасының қолдауына ие болып кетті.

Бір айта кетерлігі, Лондонда өткен Олипиада ойындарында да Сүлейменовты дәл осы спортшы ширек финалға жібермеген болатын - 19:15 есебімен жеңіп кетіп еді.

Қоса отырсақ, Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына сегіз боксшымыз өтті: Біржан Жақыпов (46 келі салмақ) Пуэрто-Рико өкілі Антони Чакона Риверуді жеңсе, Қайрат Ералиев (56 келі салмақ) сенсациялық түрде Олимпиада чемпионы кубалық Робейси Карразануды тізе бүктірсе, Мерей Ақшалов (64 келі салмақ) қырғыз боксшысы Ермек Сәкеновтің алдын орап кетті, ал Жәнібек Әлімханұлы (75 келі салмақ) румын спортшысы Богдан Джуратониден айналып өте алды. 64 келі салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов Италия елінен келген Винченцо Манчикапреден басым түссе, Әділбек Ниязымбетов үндістандық Сумит Сангвамен жұдырықтасып, жартылай финалға шықты... 60 келі салмақта жұдырықтасатын Берік Әбдірахманов венесуэлалық Луис Диаздан айласын асырды. Аса ауыр салмақта бокстасатын Иван Дычко (91 келі салмақ) қарсылассыз жеңіске жетті. Өз кезегінде, Иванның қарсыласының медициналық тексерістен өте алмай қалғанын айта кеткіміз келеді. 

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионаты 26 қазанға дейін жалғасады. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: "Астана Спорт" басылымы

677 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 23 қазан 2013, 21:58
Пікірлер
+0
24 қазан 2013, 09:25

((( өкінішті

+0
24 қазан 2013, 15:19

Фараби мырза, финалдық жекпе - жектерде біздің боксшыларымыз қашан және кіммен түсетіні жайлы жазсаң деп едім. Алдын ала рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...