Әділбек жартылай финалда

Әділбек жартылай финалда

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының тоғызыншы күнінде еліміздің намысын қорғайтын барлық былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға көтеріледі...

81 келі cалмақта өнер көрсететін Әділбек Ниязымбетов үндістандық Сумит Сангванмен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Әділбекке берді - 30:27, 30:27, 29:28. Әділбек аталған кездесуде өзін тежеп ұстағандай, бүкіл күшін финалға сақтап жүргендей әсер қалдырды. Оның көрінісі, Сумит Сангваны өз ырқына көндіріп алған соң, аспай-саспай жүріп алды. Жалпысын алғанда, қазақ спортшысы өз басымдылығын аңғарған соң және төрешілердің жеңісті өзіне беріп отырғанын түсінген соң емін-еркін қимылдай бастағандай...

Мырзағали Айтжанов Әділбектің бұл қылығын боксшының керек ұпайды алып, жеңіп шығуымен ақтап алды. Ширақ қимылдайтын Әділбекті өзіне қажет нәрсені жасап, жоспарды орындады деп сенеді. Ал қалың көрермендер арасында Әділбекке көңілі толмай қарайтындар бар. Ауыр соққысы бар мықты жігіттің барлық күшін финалдарда көре жатармыз деген ойдамыз.

Естеріңізге сала отырсақ, Алматы төрінде өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатына тағы да жеті қазақстандық боксшы шығып отыр.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: vesti.kz

Л. Лига