Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдында...

Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдында...

Чемпиондар Лигасы. Кездесу алдында...

Бүгін Чемпиондар Лигасы үшінші айналымының екінші күніндегі кездесулер өтеді. Назарларыңызға ойындар алдындағы болжамдарды ұсынамыз...

«D» тобы


«ЦСКА» (Ресей) – «Манчестер Сити» (Англия)

Бұл топты мюнхендік «Бавария» бастап келеді. Ал ресейлік пен ағылшындық ұжымдар да 3 ұпайдан бар. Сондықтан бүгінгі кездесу қос команда үшін де аса маңызды. Алайда Мануэль Пеллегрини командасының жеңісті «ЦСКА»-ға ұстата салмасы анық. Мәскеулік команданың құрамында бірнеше футболшы алаңға шыға алмайды. Олар: Марио Фернандес, Алан Дзагоев және Александр Цауня. Мұндай жетіспеушілік қонақтар сапынан да табылады. «Манчестер Ситиден» Мартин Демикелис, Винсан Компани және Джек Родуэлл негізгі құрамда кездесуге қатыса алмайды. Футбол мамандары бұл кездесуде манчестерлік команда 0:2 есебімен жеңіске жетеді деп отыр.

«Бавария» (Германия) – «Виктория Пльзен» (Чехия)


«Бавария» бабында тұр. Өткен маусыда «Батэге» есе жібергендей қателікке бой алдыруы бұл кездесуде мүмкін еместей. Мүмкін де емес. Егер чех командасы жеңіске жетеді деп ойлағандар үшін бір айта кететін жайт, букмекерлік орталықтар «Викторияға» 24 коэфициенттен жоғары беріп отыр.  Сонымен қатар «Бавария» соңғы «Майнцпен» болған кездесуде бірнеше футболшысын қатарларынан шығарып алды. Олар: Данте, Бадштубер, Шакири, Рибери және Хаби Мартинес. Соңғы екеуі ойнауы да мүмкін. Ал Жером Боатенг «Манчестер Ситиге» қарсы кездесуде қызыл қағаз алуына байланысты бұл кездесуге қатыспайды. Чех командасы сапынан қорғаушы Давид Лимберски жарақатына байланысты командасына көмектесе алмайды.

Кездесу алдындағы командалардың шығуы мүмкін құрамы:

Бавария: Нойер — Контенто, Алаба, ван Буйтен, Кирхгофф — Лам, Швайнштайгер, Роббен, Мюллер, Гетце — Манджукич.

Виктория: Козачик — Ржезник, Прохазка, Губник, Коваржик — Райторал, Хорват, Коларж, Петржела, Горшавик — Бакош.

«А» тобы


«Байер» (Германия) – «Шахтер» (Украина)

Леверкузендік команда өз алаңында шабуыл шебінде ойнауды басты назарда ұстауы анық. Ал бұл жүйені алаң иелері ұстанар болса, опық жеп қалуы да ғажап емес. Өйткені «Шахтер» қарымта шабуылда қарсыластың осал тұсын дәл тауып, дегеніне жете алатын футбол ұжымы. Мұны алғаш «Реал Сосьедадқа» қарсы кездесуінен айқын аңғаруға болады. Осы уақытқа дейін екі команда бір-бірімен жолықпаған екен. Сонымен қатар бүгін алаң иелерінің сапынан команданың көшбасшысы Ларс Бендер жарақатына байланысты кездесуге қатыса алмайды. Есесіне Гонсало Кастро негізгі құрамға қайта оралып отыр.

Кездесу алдындағы командалардың шығуы мүмкін құрамы:

Байер: Лено — Донати, Волльшайд, Топрак, Бениш — Кастро, Райнартц, Рольфес — Сон Хен Мин, Кисслинг, Сэм.
Шахтер: Пятов — Срна, Кучер, Ракицкий, Шевчук — Хюбшманн, Фернандо — Тайсон, Алекс Тейшейра, Дуглас Коста — Луис Адриано.

«Манчестер Юнайтед» (Англия) – «Реал Сосьедад» (Испания)


Қос ұжым өз тарихтарында бір-бірімен әлі кездеспеген екен. Ал манкуниандықтар соңғы 4 кездесуінде испандық командаға өз алаңында басымдық таныта алмапты. «Қызыл сойқандардың» бұл маусымдағы нәтижесі де жанкүйерлерінің көңілінен шықпай келеді. Бас бапкер  Дэвид Мойес командасының бас-аяғын әлі жасақтай алмай келе жатқандай. Ал көптеген футбол мамандары мен букмекерлік орталықтар манчестерлік команданың жеңіске жететініне сеніммен қарауда. Есеп 2:0 болып, алаң иелерінің пайдасына шешіледі деп отыр.

«В» тобы


«Реал» (Испания) – «Ювентус» (Италия)

Бұл кездесуде мадридтік клубтың басымдығы байқалуы әбден мүмкін. Өйткені «корольдік клуб» өз алаңындағы  соңғы 17 кездесуінің 15-де қарсыластарынан басым түскен екен. Тек екі рет қана мадридтік дербиде «Атлетикодан» жеңілген. Сонымен қатар Ла-Лиганың соңғы турында «Малагаға» басымдығын танытты. Ал «Ювентус» соңғы кездесуінде «Фиорентинадан» жеңіліс тапты. Сонымен қатар, алдыңғы екі кездесуде де тең нәтижемен шектелді. Сондықтан бүгінгі кездесуде ұпай командаға ауадай қажет. Ал тағы бір жайт, 26 қазанда болатын «Эль- Классико» «Реалға» күшін сарқа тұруға тура келетіндей. Туриндік команданың бас бапкері Антонио Конте: «Реалмен» болатын кездесу біздің қанша жерге дейін бара алатынызды көрсетеді» деп отыр. Сонымен қатар, «Сантьяго Бернабеуде» болатын кездесуге алаң иелерінің сапынан Хаби Алонсо  қатыспаса, қонақтар қатарынан Фавио Квальярелла командасына көмектесе алмайды. Карло Анчелотти бүгін Рафаэль Варанды негізгі құрамда шығаруы мүмкін. Қорғаушы қазіргі уақытта жарақатынан толықтай айығып шықты. Кездесуді Астана уақытымен 00:45-те «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар.

«Галатасарай» (Түркия) – «Копенгаген» (Дания)


Түркиялық клуб алғашқы кездесуінде «Реалдан» ойсырай жеңілді. Осындан кейін бас бапкер Фатих Терим қызметінен кетті. Орнына Роберто Манчини келді. Туринде «Ювентуспен» болған кездесуде тең нәтижеге қол жеткізді. Енді өз алаңында аянып қалмасы анық. Көптеген футбол мамандары мен букмекерлік орталықтар «Галатасарай» командасы 2:1 немесе 3:1 есебімен жеңіске жетеді деп отыр.

«С» тобы


«Андерлехт» (Бельгия) – «ПСЖ» (Франция)

Париждік команда дәл қазрігі уақытта нағыз бабына толысқан. Ибрагимович пен Кавани жұбы керемет гол соғудың шеберлеріне айналып үлгерді. Бүгінгі кездесуде де қонақтар ұпай жоғалтады деу мүмкін еместей. Бельгиялық команда ішкі біріншілігінің өзінде 5-ші сатыда келеді. Әзірге Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде де гол соғып көзге түспеді.

Кездесу алдындағы командалардың шығуы мүмкін құрамы:

Андерлехт: Камински — Жийе, Мангулу, Куйяте, Нсакала — Миливоевич, Клештан — Бруно, Праэт, М.Суарес — Митрович.
ПСЖ: Сиригу — ван дер Вил, Алекс Диас, Маркиньос, Максвелл — Верратти, Тиагу Мотта, Матюйди — Кавани, Лавесси, Ибрагимович.

«Бенфика» (Португалия) – «Олимпиакос» (Грекия)


Қос ұжымның еншілерінде де 3 ұпайдан бар. Екінші орын үшін талас жүргізетін болады. «Бүгінгі кездесуде Жорже Жезуш командасы өз алаңында басымдығын байқатуы мүмкін». Бұл мамандарының пікірі. Португалдық команда сапында жарақат алған бірнеше футболшылар бар. Олар: Силвиу және Эдуардр Сальвио. Ал қонақтар қатарынан барлық ойыншылар кездесуге дайын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footboltop.ru, sports.ru, sport-xl.ru

Қосылған күні: 23 қазан 2013, 17:36
Пікірлер
+0
23 қазан 2013, 18:50

Андерлехт - ПСЖ П2
Реал - Ювентус обе забьют да
Бенфика - Олимпиакос тотал 3,5 меньше
Галатасарай - Копенгаген тотал 3,5 меньше
ЦСКА - Сити П2
Бавария - Виктория обе забьют нет
Байер - Шахтер Шахтер забьет да

+0
23 қазан 2013, 20:00

эх юнайтед 5-0 :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.