Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионын жеңді

Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионын жеңді

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 56 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын Қайрат Ералиев Лондон Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Робейси Карразаннан басым түсті.

Алғашқы раундта Қайрат қарсыластың сылбыр қимылдауын сәтті пайдаланып, жойқын соққыларымен сабап алды. Үш төреші жерлесіміздің мерейі үстем болып шыққанын жеткізді. Екінші раундтың орта тұсынан бастап Робейси ояна бастады. Қайратты бірнеше рет қыспаққа да алды. Өз кезегінде жерлесіміз де аянып қалмады. Қайрат үшін, жалпы қазақ жанкүйерлері үшін аса тартысты өткен кездесу 56 келідегі былғары қолғап шеберіміздің пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін Біржан Жақыпов пуэрто-рикалық Энтони Чаконды жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай