Данияр да келесі кезеңге сүрінбей өтті

Данияр да келесі кезеңге сүрінбей өтті

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов француз Сулейман Сиссохоны жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

Бүгін шаршы алаңға көтерілген бес боксшымыз да жеңістің биік тұғырынан көрініп, ширек финалға жолдама алды. Атап айтсақ, 52 келіде Ілияс Сүлейменов жаңа ғана қырғыз Азат Үсенәлиевті жеңді. Ал күндізгі кездесулерде 60 келі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Иван Дычко қарсыластарын тізе бүктірген еді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай