Ілияс Сүлейменов қырғыз боксшысын жеңді

Ілияс Сүлейменов қырғыз боксшысын жеңді

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов қырғыз Азат Үсенәлиевты жеңіп, ширек финалға шықты. 

Қазіргі Азия чемпионы қырғыз былғары қолғап шебері де оңай шағылатын жаңғақ емес екенін алғашқы минуттардан-ақ байқатты. Үш раундта қос қарсыластың тең дәрежеде өнер көрсетуімен аяқталды. Төрешілер шешімі бойынша ринг иегері Ілияс Сүлейменов жеңімпаз болып танылды. Енді боксшымыздың ширек финалдағы қарсыласы - ағылшын Эндрю Селби.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін 60 келі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Иван Дычко қарсыластарын тізе бүктіріп, ширек финалға өткен болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова