Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Косоволықтың көзін көгертті

Косоволықтың көзін көгертті

Косоволықтың көзін көгертті

Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының тоғызыншы күнінде Қазақстан құрамасынан бес боксшы сынға түседі... 

81 келі салмақта өнер көрсететін отандық былғары қолғап шеберіміз Әділбек Ниязымбетов косоволық Армендо Хохайемен кездескен болатын. 

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Әділбекке берді. Сенімді әрі салмақты қимылдаған қазақ спортшысы косоволық жігітті қапы қалдырды десек болады. Оның көрінісі, әр бөлікте Әділбек дөп тигізген ауыр соққыларымен қарсыласты жазғырып отырды. Қарсылас та осал емес еді, бірақ білік жетпеді. Алыс қашықтықта талас қыла алмаған соң, әріден соң табандылық көрсетуден қалды.

Еліміздің ең танымал спортшыларының бірі Әділбек Ниязымбетов еш қиналмастан ширек финалға шығып отыр. Бұған дейін былғары қолғап шеберіміз финляндиялық Вилли Хукканенді тізе бүктірген еді. 

Ертеректе 60 келі салмақта Берік Әбдірахманов пен неміс елінің өкілі Роберт Харутюнянмен кездесіп, үш раундтың қорытындысы қазақ боксшы жеңімпаз атанды.

Алда 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Иван Дычко венгр Иштван Бернадтпен алғашқы кездесуін өткізеді. 

Кешкі кездесулерде Ілияс Сүлейменов (52 келі) қырғыз елінің үкілеген үміті Азат Үсенәлиевпен кездессе, Данияр Елеусінов (69 келі) Сүлеймен Сиссохомен (Франция) ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионаты 14 қазан күні басталған болатын. 26 қазанда мәресіне жетеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: vesti.kz

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 қазан 2013, 16:04
Пікірлер
+0
22 қазан 2013, 16:15

Жерлес мөлөдес!! :D

+0
22 қазан 2013, 18:13

шілем болмаса осығо енді... :roll:

+0
22 қазан 2013, 18:38

Шо то мынау жақсы түсе алмай жатыр :? :? :? , ары қарай өтуі үшін жеткіліксіз сияқты дайындықтары :roll: :roll: :roll:

+0
22 қазан 2013, 20:05

Әділбек барын салмады. Күшін сақтағаны шығар. Әйтпесе бары күш-жігерінің жеткені сол дегенге қимай отырмын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.