Бүгін бес боксшымыз бақ сынайды

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін бес боксшымыз бақ сынайды

Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының тоғызыншы күнінде шаршы алаңға бес бірдей былғары қолғап шебері шығады.

БӨЛІСУ

Күндізгі өтетін кездесулерде үш боксшымыз бақ сынайды. Атап айтсақ, 52 келі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов неміс елінің атынан шығатын Роберт Харутюнянмен күш сынасады. Әділбек Ниязымбетов (81 келі) косоволық Армендо Хохайемен жұдырықтасса, 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Иван Дычко венгр Иштван Бернадтпен алғашқы кездесуін өткізеді. Кешкі кездесулерде Ілияс Сүлейменов (52 келі) қырғыз елінің үкілеген үміті Азат Үсенәлиевпен кездессе, Данияр Елеусінов (69 келі) Сүлеймен Сиссохомен (Франция) ширек финал жолдамасын сарапқа салады. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Естеріңізге сала кететін болсақ, бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионаты 14 қазан күні басталған болатын. 26 қазанда мәресіне жетеді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz