Ойқастаймын деп опық жеді

Ойқастаймын деп опық жеді

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 91 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Антон Пинчук ширек финалға шыға алмады. Ол Өзбекстан былғары қолғап шебері Рустам Тулагановтан жеңілді.

Алғашқы раундтан-ақ өзбек былғары қолғап шебері жылдамдығы және дөп соққыларымен ерекшелене түсті. Екінші раундта Антон Пинчук мүлде көзге түспеді. Есесіне Рустам жойқын соққыларын дарыта білді. Шаршы алаңда тек ойқастаумен болған 91 келідегі былғары қолғап шебері өз шеберлігін таныта алмады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін төрт бірдей боксшымыз ширек финалға шыққан болатын. Антон Пинчук бұл жеңістің жолын жалғай алмады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай