"Барсаның" "Миланға" қарсы құрамы

"Барсаның" "Миланға" қарсы құрамы

"Барселонаның" бас бапкері Херардо Мартино Чемпиондар Лигасының топтық кездесуі аясында "Миланмен" өтетін ойынға 22 футболшыны шақырған.

Жарақатына байланысты ойынға қорғаушы Жорди Альба, шабуылшы Ибраим Афеллай қатыса алмайды. Сонымен бірге шабуылшы Исаак Куэнкаға да өнер көрсету бұйырмай тұр. Өз кезегінде қорғаушылар Даниэл Алвес пен Херар Пике, сол қатарда Алексис Санчес «Барселонаның» тізіміне еніп отыр екен. 

"Милан" мен "Барселона" арасындағы ойын ертең (22 қазан) "Сан-Сиро" стадионында өтпек. Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. 

Қақпашылар: Вальдес, Пинто, Оласабаль;

Қорғаушылар: Монтойя, Пике, Пуйоль, Бартра, Маскерано, Адриано, Алвес;

Жартылай қорғаушылар: Хави, Иньеста, Фабрегас, Дос Сантос, Роберто, Бускетс, Сонг;

Шабуылшылар: Санчес, Месси, Неймар, Педро, Тельо.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: wallpaper.zoda.ru

Л. Лига