Плей-оффтағы жұптар белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Плей-оффтағы жұптар белгілі болды

Жаңа ғана Швейцарияның Цюрих қаласында 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына Еуропада берілетін 4 жолдамаға таласатын командалардың жеребесі тартылды.

БӨЛІСУ

Сонымен Еуропадан Бразилияға берілетін жолдамаларға таласатын командалар жұбы да белгілі болды. Олар:

Португалия – Швеция

Украина – Франция

Грекия – Румыния

Исландия – Хорватия

Ұлттық құрамалар арасындағы алғашқы кездесулер 15 қарашада өтсе, қарымта кездесулер 19 қарашада өтеді. Ал осыған дейін жолдаманы қанжығаларына байлап үлгерген командалар туралы мәліметті мына сілтемеден оқи аласыздар.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: novostiua.net