Берік Әбдірахманов жеңіске жетті

Берік Әбдірахманов жеңіске жетті

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын Берік Әбдірахманов алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ол пуэрто-рикалық былғары қолғап шебері Даниэлито де ла Росадан басым түсті.

Берік Әбдірахмановтың келесі қарсыласы - неміс елінің атынан шығатын Роберт Харутюнян. Ол бүгін Алжир бокшысы Оуадахиден төрешілер шешімі бойынша 2:1 есебімен басым түсті.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін шаршы алаңға шыққан Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов те жеңіс туын желбіретіп, келесі кезеңге өткен болатын. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: chm2013.kfb.kz

Ө. Сансызбай