Робин ван Перси «Арсеналға» оралғысы келеді

Робин ван Перси «Арсеналға» оралғысы келеді

Нидерланды және «Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы лондондық «Арсеналға» қайта оралғысы келеді. Ол өткен жылдың жазында осы клуб сапынан манкуниандық командаға ауысқан еді.

Арсен Венгер командасына шабуылшы іздестіруде. «Арсеналға» Месутпен қатар жаңа қарқын сыйлайтын алдыңғы шеп футболшысы қажет-ақ. Оливье Жиру шабуылда жалғыз жетіспейтін секілді. Ал ван Персидің өзі: «Мен «Арсеналға» ауысуға дайынмын, жанкүйерлер мені құшақ ашып қабылдайды деп ойлаймын. «Арсенал» сапында ең қызықты, тартысты кездесулерімді өткіздім, тағы да өткізуге дайынмын» - деді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Саутгемптонмен» тең түсіп қалған болатын. Робин ван Перси есеп ашқанмен, команда жеңісті уысында ұстап қала алмаған-ды.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Cурет: barclays-premier-league.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты