Елеусінов пен Ниязымбетов - келесі кезеңде

О Сансызбай Корреспондент
Елеусінов пен Ниязымбетов - келесі кезеңде

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

БӨЛІСУ

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 69 келіде бақ сынайтын  команда капитаны Данияр Елеусінов Багам аралдарының өкілі Карл Хиелдпен жұдырықтасып, қарсыласын сенімді түрде жеңді. Алғашқы раундта қос боксшы бір-бірінің осал тұстарын аңдумен шайқасса, екінші және үшінші раундта Даниярдың басымдылығы байқалып тұрды. Алайда өз кезегінде Карл да аянып қалмады. Өзіне тиесілі ұпайды алды. Бірақ жеңіске жеткіліксіз еді.

81 келіде бақ сынайтын Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов фин Вилле Хукканенді тізе бүктірді. Әлем чемпионатының бас жүлдесінен басты үміткер жерлесіміз фин бокшысымен болған айқаста өз басымдығын айқын танытты.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кешке 60 келіде еліміздің намысын қорғайтын Азия чемпионы Берік Әбдірахманов Даниэлито де ла Росамен (Пуэрто Рико) күш сынасады. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай