Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі

 Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі

Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында үш былғары қолғап шеберіміз шаршы алаңға көтеріледі. 60, 69 және 81 келі салмақ дәрежелеріндегі боксшылар бақ сынайды. Барлығы 48 жұп кездесу өткізеді.

Санаулы минуттардан кейін 69 келіде өнер көрсететін команда капитаны Данияр Елеусінов Багам аралдарының өкілі Карл Хиелдпен жұдырық түйістірсе, 81 келіде бақ сынайтын Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов фин Вилле Хукканенмен шаршы алаң көрігін қыздыратын болады. Ал 60 келіде еліміздің намысын қорғайтын Азия чемпионы Берік Әбдірахманов Даниэлито де ла Росамен (Пуэрто Рико) кешкі кездесулерде күш сынасады. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.akipress.org

Ө. Сансызбай