Премьер-Лига. ХХХ тур қорытындысы (видео)

Премьер-Лига. ХХХ тур қорытындысы (видео)

Футболдан ел премьер-лигасының ХХХ тур ойындары мәресіне жетті. "Шахтерды" жеңген «Ақтөбе» чемпиондыққа жақындай түсті.

«Ақтөбе» 4 – 0 «Шахтер»


«Шахтерды» осы аптада Еуропа Лигасы күтіп тұрғаннан кейін Виктор Кумыков алаңға екінші құрамдағы футболшыларды шығарды. Бұл алаң иелерінің есепте үлкен айырмамен жеңіске жетуіне себеп те болды. Алғаш болып Тимур Кападзенің пасын сәтті пайдалаған Марат Хайруллин есеп ашты.  50 минутта «кеншілер» қақпасының алдындағы қарбаласқан сәтте Петр Бадло допты қайшылай теуіп қонақтар қақпасына тоғытып, бұл турдағы үздік голдардың бірін салды. Кездесу аяқталар тұста  Абат Айымбетов пен Тимур Кападзе тағы да еншілеріне бір-бір доптан жазды. Осылайша 4:0 есебімен жеңіске жеткен Владимир Никитенко командасы чемпиондық атаққа жақындай түсті. Енді қалған екі турдың бірінде «Ақтөбеге» тең ойын да нәтиже бола алады.

«Ақтөбе» — «Шахтер» 4:0 (1:0)
Голдар: Хайруллин 13, Бадло 50, Аймбетов 84, Кападзе 89
Ескертулер: Тағыберген 30, Лисенков 71 — Зенькович 47, Зверев 55, Габышев 90+3
«Ақтөбе»: Нарзикулов, Бадло, Тағыберген (Шалекенов 62), Дяденко (Аймбетов 66), Кападзе, Хайруллин, Давыдов (Лисенков 67), Гейнрих, Мулдаров, Харабара, Арзуманян
Қосалқы құрам: Павлов, Ковальчук, Бикмаев, Балтаев
«Шахтер»: Ткачук (Заруцкий 39), Абуов (Ахмеев 82), Габышев, Тарасов, Порываев (Зверев 46), Борантаев, Дарабаев, Боровский, Жолшорин, Муртазаев, Зенькович
Қосалқы құрам: Нурмухаметов, Ермеков, Васильев
Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Дерцапф (Орал), Гордо (Көкшетау)
19 қазан. Ақтөбе. «Орталық» стадион. 10 000 көрермен.

«Ертіс» 0 – 1 «Астана»


Керекулік «Ертіс» өз алаңында «Астанадан» жеңіліс тапты. Кездесудегі жеңіс голын Йоан Андоне командасынан Патрик Твумаси соқты. «Ертістен» еншілеген үш ұпай елордалық команданың чемпиондыққа деген үмітін тағы жалғады.

«Ертіс» - «Астана» 0:1 (0:1)
Гол: Твумаси 15
Ескертулер: Говедарица 17, Шабалин 73 — Қонысбаев 25
«Ертіс»: Калмыков, Чичулин, Кулибали, Суюмбаев, Чучман, Аяғанов (Аллаяров 56), Говедарица (Даулетханов 78), Шомко, Мухутдинов, Мурзоев (Шабалин 61), Бақаев (к)
Қосалқы құрам Джоджо, Бегалин, Қожабаев, Юрин
«Астана»: Эрич (к), Бейсебеков, Е. Ахметов, Дмитренко, Игуманович, Коробкин, Кояшевич (Нұрдәулетов 79) , Қонысбаев (Қуат 39), Кетевоама, Твумаси, Остапенко (Нөсербаев 67)
Қосалқы құрам: Логиновский, Пикалкин, Пасичник, Горячий
Төрешілер: Холматов (Қызылорда), Тергеусізов (Алматы), Филоненко (Тараз)
19 қазан. Павлодар. «Орталық» стадион. 3500 көрермен.

«Қайрат» 0 – 0 «Ордабасы»


Алматының «Орталық» стадионында өткен кездесуге 14000 жанкүйер жиналды. Бұл премьер-лигадағы рекордтық көрсеткішті көрсетіп отыр. Қос команданың негізгі құрамдағы бірнеше футболшылары жарақаты мен ескертулеріне байланысты алаңға шыға алмады. Дегенмен екі команда да тартысты кездесу өткізді. Соңғы кездесулерінде жеңілістен көз аша алмай келе жатқан «Ордабасы» осы турда тәуір-ақ ойнады. Алғашқы таймда бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жіберіп алды. Екінші таймда алаң иелері қонақтар қақпасын қанша торуылдағанымен, қақпа кілтін таба алмады. Әсірес қос ұжымның қақпашылары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Осылайша үшінші орынға қол созған Владимир Вайсс командасы шымкенттік «Ордабасыдан» айласын асыра алмады. Есеп 0:0.

«Қайрат» — «Ордабасы» 0:0
Ескертулер: Ирисметов 19, Пахолюк 75, Бейсенов 88, Алиев 90+4
«Қайрат»: Рихард, Аддо, Гурман, Кислицын, Шестаков, Дафф, Еременко, Калинин (Оразаев 72), Кукеев (Нехтий 90+3), Кнежевич (Недашковский 87), Сисей
Қосалқы құрам: Шайхесламов, Сахалбаев, Рудосельский, Советов
«Ордабасы»: Григоренко, Алиев, Мвесигва, Адырбеков, Ирисметов, Бейсенов, Пахолюк, Сыдықбек (Левин 90+2), Нұрғалиев (Төлебек 70), Әшірбеков (Белич 86), Юнузович
Қосалқы құрам: Муқашев, Сабиров, Грек, Фильчаков
Төрешілер: Ысқақов (Астана), Бельский (Тараз), Ысқақов (Қостанай)
19 қазан. Алматы. «Орталық» стадион. 14 000 көрермен.

«Ақжайық» 0 — 0 «Жетысу»

 «Ақжайық» өз алаңында «Жетысумен» тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады.

«Ақжайык» — «Жетысу» 0:0
Ескертулер: Зотов 47, Туркович 60, Омаров 75 — Климавичус 16, Эргашев 52, Тотай 75, Коробов 75
«Ақжайық»: Бучек, Омаров, Хлебоун, Сапанов, Любимкин, Зотов, Черны, Туркович (Хаиров 77), Сарсекенов (Топалов 64), Шевцов (Забродин 90), Коструб
Қосалқы құрам: Багаутдинов, Покатилов, Мальцев, Абдрахманов
«Жетысу»: Пасеченко, Даутов, Климавичус, Эсатов, Джалович, Яковлев (Тілешев 68), Коробов, Саломов, Тотай, Азовский, Эргашев
Қосалқы құрам: Цирин, Мамонов, Есімханов, Мужиков, Мельзиддинов, Ковалев
Төрешілер: Дүзмамбетов (Өскемен), Құрбанов (Алматы), Обрядов (Семей)
19 қазан. Орал. «Ақжайық» стадионы. 2000 көрермен.

«Восток» 1- 2 «Атырау»


Өскемендік команда өз алаңында «Атырауға» есе жіберді. Бұл жеңіліс команданы «қауіпті аймаққа енгізді. Енді команда алдағы екі кездесуде нәтижелі ойын көрсете алмаса премьер-лигадан шығып қалуы ғажап емес.

«Восток» — «Атырау» 1:2 (0:2)
Голдар: Пейкришвили 2 (0:1), Нұрыбеков 24 (0:2), Ньянг 89 (1:2)
Пенальти орындай алмады: Костюк 73 (қақпашы)
Ескертулер: Фомичев 62 — Миланкович 33, Щеткин 62, Стойчев 87
«Восток»: Нестеренко (к), Мур, Комарек, Фомичев, Костюк, Сохна, Джанузаков, Эрбес (Сүймағамбетов 83), Досмағамбетов (Удалов 67), Соболев (Уразбахтин 46), Ньянг
Қосалқы құрам: Байтеряков, Ерланов, Абу Бакр, Шевченко
«Атырау»: Шабанов, Абдулин, Куцов (к), Туторич, Самченко, Нұрыбеков, Голич, Родионов, Миланкович (Алвес Роберто 81), Пейкришвили (Стойчев 76), Щеткин (Татишев 85)
Қосалқы құрам: Бойченко, Фомин, Маров, Овшинов
Төрешілер: Антонов, Суюнов (екеуі де — Павлодар), Полуэктов (Тараз)
19 қазан. Өскемен. «Восток» стадионы. 1500 көрермен.

«Тараз» 2 - 0 «Тобыл»


Арно Пайперс командасына бұл турда қалай да болмасын жеңіс қажет болатын. Бұл дегеніне алаң иелері жетті. 19 минутта Диакате 11 метрлік айып добын сәтті орындап, кездесудегі есепті ашты. 81 минутта Лечич «Тараздың» екінші голын соғып, алаң иелерін жеңіске жетеледі. Осылайша 20 ұпай жинаған «Тараз» «қауіпті аймақтан» ХХХ турда алыстай түсті.

«Тараз» — «Тобыл» 2:0 (1:0)
Голдар: Диакате 19 пенальтиден, Лечич 81
«Тараз»: Нұрмұхаметов, Амирханов, Мехмедович, Воротников, Диакате, В. Евстигнеев, Д. Евстигнеев, Лечич (Шафф 90), Сергиенко, Эссомба, Одита (Заречный 78)
Қосалқы құрам: Айтбаев, Кожамберды, Шабаев, Скорых, Цветков
«Тобыл»: Петухов, Шкот, Сулей (Абишев 72), Куртиши (Бугаев 46), Шливич, Волков, Нұрғалиев, Алумона, Қуантаев, Малышев (Андреев 62), Красич
Қосалқы құрам: Бекбаев, Джоннес, Кургулин, Д. Мұқанов
Төрешілер: Алешин, Журавлев, Попов (бәрі де — Павлодар)
19 қазан. Тараз. «Орталық» стадион. 1000 көрермен. 

               
1  АҚТӨБЕ 30 20 5 5 44-19 42
2  АСТАНА 30 17 5 8 49-34 36
3  ЕРТІС 30 12 8 10 38-33 27
4  ҚАЙРАТ 30 10 12 8 39-35 27
5  ШАХТЕР 30 12 7 11 41-39 26
6  ОРДАБАСЫ 30 10 7 13 28-34 22

 

7-12 орын.

 

7  ТОБЫЛ 30 13 6 11 46-32 32
8  АТЫРАУ 30 9 11 10 25-35 25
9  ТАРАЗ 30 7 8 15 29-36 20
10  ЖЕТІСУ 30 5 16 9 21-32 18
11  ВОСТОК 30 6 11 13 19-36 18
12  АҚЖАЙЫҚ 30 6 10 14 34-48 16

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай