Жәнібек жеңіске жетті

Жәнібек жеңіске жетті

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ол 1/8 финал жолындағы тартыста әзірбайжандық Солтан Мигитиновты тізе бүктірді.

Үш раундта да Жәнібек қарсыласына өз соққыларын дарыта білді. Солтанды састырған дөп соққылар болды. Ширақ қимылымен ерекшеленген жерлесіміз келесі кезеңге өтті. Енді оның қарсыласы – мексикалық Хуан Меркадо.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін шаршы алаңға көтерілген Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиев қарсыластарына басымдығын таныта білген болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kfb.kz

Ө. Сансызбай