Біржан басым түсті

Біржан басым түсті

49 келі салмақта өнер көрсететін отандық былғары қолғап шеберіміз Біржан Жақыпов ресейлік Белик Галановпен кездескен болатын. 

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Біржанға берді. Галанов қуатты қарсылық көрсеткенмен, алайда, жеңіске  жете алмады. Оңтүстік өңірдің тумасы саналатын Біржан жанын сала отырып, жеңіске бастар тура жолды таба алды.

Жақыповтың келесі қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дұсматов болмақ. Ол аталған салмақта Мукетси Лекгетходан (Ботсвана) айласын асыра алған еді.

Алда 56 келіде Қайрат Ералиев румындық Николае Андреянмен жұдырық түйістірсе, 75 келі салмақта ел намысын қорғайтын Жәнібек Әлімханұлы әзірбайжандық Солтан Мигитиновпен кездесу өткізбек. 

Естеріңізге сала отырсақ, кешегі күні шаршы алаңға Антон Пинчук (91 келі) пен Ілияс Сүлейменов (52 келі), Мерей Ақшалов (64 келі) сынды жігіттер шықты.

 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: alaman.kz

 

 

Л. Лига