Мерейдің мерейі үстем болды

Мерейдің мерейі үстем болды

Әлем чемпионатының жүлдесінен үміткер 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мерей Ақшалов шотландиялық Джош Тэйлорды сүріндіріп, келесі кезеңге өтті.

Шотландиялық Джош Тэйлор алғашқы айналымда Тринидад және Тобагодан келген боксшы Акиель Оутрамадан басым түскен болатын. Екінші айналымда жерлесімізбен жолы түйіскен Джош үшінші кезеңге өте алмады. Мерей алғашқы минуттардан-ақ қарсыласына мықтылығын таныта білді. Мерейі үстем болған Мерейдің қарсыласы - Карлос Адамес (Доминика Республикасы) және Хосе Алдай (АҚШ) жұбының жеңімпазы болады.

Естеріңізге  сала кететін болсақ, осыған дейін Ілияс Сүлейменов аустралиялық былғары қолғап шеберінен басым түскен болатын. Енді оның жолын Мерей Ақшалов жалғады. Кешкі кездесуде шаршы алаңға 91 келі салмақта бақ сынайтын Антон Пинчук көтеріледі.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:turan.info

Ө. Сансызбай