Ілияс қарсыласын сенімді түрде жеңді (видео)

Ілияс қарсыласын сенімді түрде жеңді (видео)

Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапынан алғаш болып шаршы алаңға көтерілген Ілияс Сүлейменов қарсыласы аустралиялық Эндрю Молониді айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

52 келіде өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов алғашқы раундтардан-ақ қорғанысқа баса назар аударатынын аңғартты. Бұл боксшының кездесудегі өзіндік жүйесі болар. Қорғаныста жүріп қарсыластың осал тұстарын дөп аңғара білген жерлесіміз соққыларын өз сәтінде дарыта білді. Алғашқы раундта Эндрю Молони бар күшін сала айқасты. Алайда екінші, үшінші раундтарда аустралиялық боксшының соққылары жел қармап жатты. Осылайша 52 келі салмақта Ілияс Сүлейменов қарсыласын сенімді түрде жеңді. Енді боксшымыздың келесі қарсыласы - қырғыз Азат ҮсенәлиевЖеңіс құтты болсын қазақ жанкүйерлері!

Естеріңізге сала кететін болсақ, санаулы минуттардан кейін 64 келі салмақта бақ сынайтын Мерей Ақшалов шотландиялық Джош Тэйлормен жұдырықтасады. Мерейдің мерейі үстем болуын тілейміз!


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

20/20/20 ережесі бойынша көзді қалай демалдырып тұру керек?
20/20/20 ережесі бойынша көзді қалай демалдырып тұру керек?
Иммун жүйесін қалай күшейту керек?
Иммун жүйесін қалай күшейту керек?
Қазақстанның көмір кен орындары
Қазақстанның көмір кен орындары
Қазақтың ескі мақал-мәтелдері
Қазақтың ескі мақал-мәтелдері
Жүрек ауруларының біз аңғара бермейтін белгілері
Жүрек ауруларының біз аңғара бермейтін белгілері
ER-BATYR жобасында Қуанышбек Есекеев киберспорт, ерлер достығы мен тәрбие туралы әңгімелейді
ER-BATYR жобасында Қуанышбек Есекеев киберспорт, ерлер достығы мен тәрбие туралы әңгімелейді