Вальдес

Вальдес "Монакоға" ауысады

"Барселона" командасының қақпашысы Виктор Вальдес осыған дейін каталондық клубпен келісім-шартын ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Енді қақпашы спорттық мансабын Францияда жалғастырмақшы. Бұл туралы Barcastuff сайты хабарлап отыр.

31 жастағы Испания құрамасының қақпашысы қаңтар айында француздық "Монако" футбол клубымен 4 жылдық келісім-шартқа отырмақ. Қысқы ауысым кезеңінде Виктордың "Барселонамен" келісім-шарты аяқталады. Егер футболшы "Монакоға" ауысса, жылына 10 миллион евромен қатар қосымша сый да алатын көрінеді. Сонымен қатар, бұрынғы командаласы Эрик Абидальмен қайта бір командада ойнайды. 

Естеріңізге сала кететін болсақ, Виктор Вальдес "Барселона" сапында алғаш рет алаңға  2002 жылы шыққан болатын. Содан бері каталондық команда құрамында 506 кездесуге қатысқан екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: smotrisport.tv

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?