Қазақстан соңғы себетте...

Қазақстан соңғы себетте...

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі алдындағы жеребе тастау рәсімінде 6-шы себетте тұратын болды. Енді ұлттық құрама Люксембург, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар және Фарер аралдарымен бір қатарда.

Негізінен себеттер ұлттық құрамалардың деңгейі мен ФИФА рейтингіндегі орналасу орындарымен анықталады. Бір себетке түскен командалар бір-бірімен қарсылас атана алмайды. 

Сонымен өзге себеттегі командалар тізімі:

Бірінші себет: Испания, Германия, Голландия, Италия, Англия, Грекия, Португалия, Ресей, Босния және Герцеговина

Екінші себет: Швеция, Украина, Хорватия, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия

Үшінші себет: Сербия, Туркия, Словения, Румыния, Израиль, Норвегия, Словакия, Аустрия, Черногория

Төртінші себет: Армения, Польша, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Исландия

Бесінші себет: Беларуссия, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдова, Македония, Әзірбайжан, Грузия, Кипр. 

Алтыншы себет: Қазақстан, Люксембург, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар және Фарер аралдары

2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тастау рәсімі келер жылы 23 ақпанда Ницца қаласында өтеді. Ал топтық кезеңдегі алғашқы кездесулер қыркүйек айында басталады. Жеребе тартылғанға  дейін УЕФА рейтингінде еш өзгеріс алмайтын болады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек командамен келісім-шартының аяқталғанын хабарлаған болатын. Ал Қазақстан футбол федерациясының чех маманы немесе өзге бапкермен келісім-шартқа отыруы беймәлім болып отыр. Нақты шешім айдың соңына қарай қабылданбақ. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-lx.net

Ө. Сансызбай