Соңғы кездесу де сәтсіз аяқталды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Соңғы кездесу де сәтсіз аяқталды (видео)

2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі де мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы кездесуін де сәтсіз аяқтады.

БӨЛІСУ

Мирослав Беранек шәкірттері алғашқы минуттардан ойында көзге түсе білді. 9 минутта Мақсат Байжановтың баспен бағыттаған соққысы қақпадан аз ғана биік кетті. Қазақстан құрамасы шабуылын үдете түсіп, 13 минутта есеп ашты. Қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған Дмитрий Шомко жойқын соққысымен жерлестерімізді алға шығарды. Алайда араға бірнеше минут сала Робби Кин 11 метрлік айып добын сәтті орындап, Мирослав Беранек шәкірттерінің қуанышын ұзаққа созбады. 26 минутта бұрыштама добынан асырылған допты алаң иелері голға айналдыра білді. Бұл тұста Андрей Сидельников қателігі алаң иелерінің алға шығуына мүмкіндік берді. 77 минутта Марк Гурманның қателігінен кейін қақпамызда үшінші доп тулады. Алайда бұл тұста доп алаң сыртына шығып кеткен болатын. Сонымен 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі де мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы 5 ұпаймен топта 5-ші орынды қанағат тұтты.


"C" тобы Ойын Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Германия 10 9 1 0 36:10 28
2.   Швеция 10 6 2 2 19:14 20
3.   Аустрия 10 5 2 3 20:10 17
4.   Ирландия 10 4 2 4 16:17 14
5.   Қазақстан 10 1 2 7 6:21 5
6.   Фарер аралдары      10 0 1 9 4:29 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-express.ua