Берік пен Мерейдің қарсыластары анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Берік пен Мерейдің қарсыластары анықталды

Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпиоантының 60 және 64 келі салмақ дәреелеріндегі алғашқы айналымдағы кездесулер аяқталды. Осы салмақ дәрежелерінде өнер көрсететін боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды.

БӨЛІСУ

60 келіде өнер көрсететін Қазақстан және Азия чемпионы Берік Әбдірахмановтың қарсыласы - Пуэрто Рика елінің былғары қолғап шебері Даниэлито де ла Роса болды. Ол алғашқы айналымда грузиялық Георгий Гогатишвилиді жеңді.

64 келіде еліміздің намысын қорғайтын Мерей Ақшаловтың қарсыласы – шотландиялық Джош Тэйлор болды. Бүгін ол Тринидад және Тобаго елінен келген Окиель Оутрамнан басым түсті.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері алғашқы айналымнан босатылған еді.

11 

77 88 99 999

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: chm2013.kfb.kz