Әлем чемпионатына баратын зілтеміршілердің есімі белгілі болды

Әлем чемпионатына баратын зілтеміршілердің есімі белгілі болды

Қазан айының 20-26-сы аралығында Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтетіні белгілі болатын. Айтулы додаға қатысатын қазақстандық зілтеміршілердің есімдері белгілі болды. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни чемпионатқа баратын спортшылардың есімдерін жариялады. Тізімде Қазандағы жазғы Универсиаданың чемпионы атанған Фархат Харки және күміс жүлдегері Александр Зайчиков, Азия ойындарының жүлдегері Кирилл Павлов, Лондон Олимпиадасына қатысқан Анна Нұрмұхамбетов сынды спортшыларымыз жоқ.

Әлемдік бәсекеде әйелдер құрамасынан 48 келіге дейінгі салмақта Галина Мамотова, 53 келіге дейінгі салмақта Маргарита Елисеева, 58 келіге дейінгі салмақта Сәуле Сәдуақасова, 63 келіге дейінгі салмақта Карина Горичева, 69 келіге дейінгі салмақта Жазира Жаппарқұл, 75 келіге дейінгі салмақта Анастасия Халикова және 75 келіден жоғары салмақта Мария Грабовецкая сынға түссе, ерлер құрамасынан 56 келіге дейінгі салмақта Тимур Хасаров пен Арли Чонтей, 62 келіге дейінгі салмақта Альберт Линдер, 94 келіге дейін Владимир Седов пен Алмас Өтешев, сондай-ақ 105 келіге дейін және одан жоғары салмақта Ескендік Момынбеков, Сергей Истомин және Зелімхан Әбубәкіровтерге сенім артылды.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: prosportkz.k

Ш. Талап