Беранектің айтқаны айдай келді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Беранектің айтқаны айдай келді (видео)

Жаңа ғана футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеуі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Фарер аралдарының командасымен кездесіп, тең тарқасты.

БӨЛІСУ

Қазақстан ұлттық құрамасы кездесуде фаворит саналғанымен алаң иелері алғашқы минуттардан Мирослав Беранек командасын қыспаққа ала бастады. Алаңда бірінші нөмірмен өнер көрсетуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Фарер аралдарының футболшыларына нәтиже де сыйлады. Бірнеше рет қауіпті шабуыл сәтінде Александр Сидельников қақпасы торы тулауға шақ қалды. 40 минутта Ларс Ольсен шәкірттері есеп ашты. Гол авторы – Халлюр Ханссон. Алғашқы тайм алаң иелері пайдасына шешіліп шықты.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы шабуылға аздап араласа бастады. 55 минутта алаң иелері қақпасының алдындағы қарбаласқан сәттерде Андрей Финонченко есепті теңестірді. Осыдан кейін қос команда бірсыдырғы ойын жүйелерімен ғана ерекшеленді. Ал соңғы минуттарда тіпті Қазақстан құрамасының қақпасында екінші доптың тулауына да шақ қалды. Алайда Александр Сидельников қателікке бой алдырмады. Сонымен есеп 1:1. Фарер аралдары Әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Кездесу алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері «жеңіліп тұрып, есепті теңестірсек, сол да бізді қанағаттандырады» деген болатын. Ал міне, айтқаны айдай келді. Неге жеңеміз деп айтпады екен?...

Фарер аралдары – Қазақстан 1:1 (1:0).
Торсхавн. «Торсволлюр» алаңы. Бас төреші: Думитру Мунтян (Македония).
Гол: Халлюр Ханссон 41 (1:0), Андрей Финонченко 55 (1:1).
Сары қағаз алды: Богданов 68.

Фарер аралдары: Гуннар Нильсен, Рогви Бальдвинссон, Фроуди Беньяминсен, Йохан Давидсен, Вильормюр Давидсен, Поуль- Йоханнес Юстинуссен, Йонас-Тор Нес, Халлюр Ханссон, Даниэль Удсен 77 (Суни Ольсен), Кристиан Хольст, Йохан Эдмундсон 77 (Палл Клеттскар).
Қазақстан: Андрей Сидельников, Марк Гурман, Александр Кислицын, Алексей Мулдаров 80 (Юрий Логвиненко), Константин Энгель, Анатолий Богданов, Нұрбол Жұмасқалиев 71 (Мақсат Байжанов), Валерий Коробкин, Дмитрий Коробкин, Дмитрий Шомко, Андрей Финонченко 90+2 (Алексей Щеткин), Сергей Хижниченко.

р/с

 Құрамалар

Ойын
өткізді

Жеңіске
жетті

Тең
түсті

Жеңіліп
қалды

Доп
айырмасы

Жалпы
ұпайы

1

 ГЕРМАНИЯ

8

7

1

0

28-7

22

2

 ШВЕЦИЯ

8

5

2

1

14-8

17

3

 АВСТРИЯ

8

4

2

2

16-8

14

4

 ИРЛАНДИЯ

8

3

2

3

13-13

11

5

 ҚАЗАҚСТАН

9

1

2

6

5-18

5

6

 ФАРЕР АРАЛЫ

9

0

1

8

4-26

1

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kff.kz