"Барселонаның" трансферлік тізімі

"Барселонаның" трансферлік тізімі

«Барселонаның» бас бапкері Херардо Мартино каталондық клубтың президенті Сандро Роселмен, спорттық директоры Андони Субисарретамен, және де вице-президенті Хосе Мария Бартомеу болған кездесуде аталған клубтың қысқы ауысымда (трансфер) сатып алатын ойыншыларының бір қатарын атаған. 

Тізімге аргентиналық «Ривер Плейттің» 20 жасар колумбиялық қорғаушысы Эдер Баланта, голландиялық «Фейеноордтың» 28 жастағы италияндық шабуылшысы Грациано Пелле, мәскеулік «Спартактан» «Ростовқа» жалға барған 25 жастағы Артем Дзюба, Бильбаоның «Атлетикосында» өнер көрсететін 32 жастағы шабуылшы Ариц Адурис, сонымен қоса лиссабондық «Бенфиканың» парагвайлық сұрмергені Оскар Кардосо енген. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: footballisimo.ru

Л. Лига