Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Жастар құрамасы бапкері қызметінен кетті

Жастар құрамасы бапкері қызметінен кетті

Жастар құрамасы бапкері қызметінен кетті

Кеше өткен Беларуссия U-21 жастар құрамасымен өткен кездесуден кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Боровский қызметінен кетті.

2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуін сәтті-ақ бастап еді. Алайда соңғы кездесулерінде Қазақстан жастары тек жеңілістен көзі ашылмады. Бұл бас бапкердің қызметінен кетуінің басты себебі де болды.

Сергей Боровскийдің орнына оның көмекшісі Андрей Ферапонтов тағайындалды. 38 жастағы маман ұзақ жылдар бойы «Цесна» футбол мектебінде бапкерлік қызмет атқарса, кезінде тарқатылып кеткен «Алматы» командасының жаттықтырушылар құрамында болған. 2012 жылы «Іле-Сәулет» футбол клубының бас бапкері қызметінде жүріп, командамен бірінші лига чемпионы атанған екен.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында беларус жастарынан жеңіліс тапқан болатын. Енді құрама тізгінін ұстаған бас бапкер Андрей Ферапонтов жұмысына табыс тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz

Қосылған күні: 11 қазан 2013, 13:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.