Неймар жарақат алды

Неймар жарақат алды

Бразилия және каталондық "Барселона" командасының шабуылшысы Неймар жаттығу кезінде жарақат алды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Қазіргі таңда 21 жастағы футболшы жарақатына байланысты медициналық тексеруден өтуде. Шабуылшының қашан алаңға оралатыныны тексеруден кейін мәлім болмақ. Ал 2014 жылғы Әлем чемпионаты алдындағы дайындығын шыңдау барысындағы Бразилия құрамасының Оңтүстік Корея құрамасымен болатын жолдастық кездесуіне қатыса алмайды.

Естеріңізге сала кетсек, Херардо Мартино шәкірттерінің қатарында Месси де жарақатына байланысты алаңға шықпай жүргенін хабарлаған болатынбыз. Футболшы 19 қазан күні негізгі құрамға қайта қосылады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ru.uefa.com