Руни шабуылшы болғысы келеді

Руни шабуылшы болғысы келеді

27 жастағы «Манчестер Юнайтед» командасының жартылай қорғаушысы Уэйн Руни келесі кездесулерінде алаңға шабуылшы болып шығады. Ол өзін шабуыл шебіне шығарған Дэвид Мойеске ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар көпшілікті толғандырып жүрген сұрақтарға да жауап берді.


Соңғы кезде Дэвид Мойес сізді шабуылда ойнауды ұсыныпты. Сіз бұған қарсы емессіз бе?

- Соңғы кезде алаңда өзімді еркін сөзініп, өз ойыныма көңілім толып жүр. Бас бапкер Дэвид Мойес мені шабуыл шебінде ойнауды ұйғарды. Мен бұл үшін қуаныштымын. Өткен маусымда алаңда  жартылай қорғаушы қызметін атқарып біраз спорттық  бабымды жоғалтып алдым. Бұл туралы командаластарымның барлығы жақсы біледі. Мен орталық алаңда ойнап жүріп жылдамдығымды да жоғалттым. Енді бұл алаң бөлігінде ойнағым келмейді. Тек соңғы 10 минутта командама көмектесу немесе есепті сақтап қалу мақсатында ғана жартылай қорғаушы қызметіне қайтуды мақұлдай аламын.

«Қызыл сойқандар» сапынан кету жоспарыңызда бар ма?

- Жақында әйелім екінші баламызды өмірге әкелді. Мен өте бақыттымын. Ал сұраққа келер болсақ, бұл тақырыпты жалғастырғым да, қозғағым да келмейді. Мен футбол заңымен өмір сүремін. Барлығын алдағы уақыт көрсетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footboltop.ru

Ө. Сансызбай