«Барселона» бағын сынап көрмек

«Барселона» бағын сынап көрмек

Ағылшын премьер-лигасының VII турында сәтті өнер көрсеткен «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Аднан Янузайды «Барселона» өз қатарына шақырмақ.

Манкуниандық команда мен Аднан Янузай арасындағы келісім-шарт осы маусым соңында өз күшін жояды. Одан кейін футболшының қандай алпауыт футбол ұжымында ойнауы өз қолында. Әзірге 18 жастағы жартылай қорғаушыға «Ювентус», «Бавария» және «Барселона» командалары қызығушылық танытып отыр.

Алдағы маусымда бельгиялық футболшы «қызыл сойқандармен» келісім-шартын ұзартпайтын болса, «Барселона» басшылығы Янузайдың ең бірінші каталондық команданы таңдайтынына сенім білдіріп отыр.

Осыған дейін мәлім болғандай «Манчестер Юнайтед» Аднан Янузаймен келісім жасасып, аптасына 60 мың фунт жалақы төлейтінін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, «қызыл сойқандардың» жас таланты әзірге қандай ұлттық құрамада өнер көрсететіні жайлы да ойланумен жүр. Қазіргі таңда жартылай қорғаушыға Бельгия мен Англия ұлттық құрамалары өз қатарларына қосылуды сұрауда. Ал футболшы болса, әзірге клубтағы ойынын басты орынға қойып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: gigafootball.net

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Бас неліктен ауырады?
Бас неліктен ауырады?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Ағылшын сөздерінің екінші мағынасын білесіз бе?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Қалай жатып ұйықтаған дұрыс?
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады
Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі шығады