Бэйл – Уэльстың жыл футболшысы

О Сансызбай Корреспондент
Бэйл – Уэльстың жыл футболшысы

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл Уэльстың жыл футболшысы атанды. Бұл туралы аталған елдің футбол қауымдастығының сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

24 жастағы футболшы бұл атақты осымен үшінші рет (2010, 2011, 2013) иеленіп отыр. Ал өткен 2012/2013 маусымда Уэльстың жыл футболшысы болып Джо Аллен («Ливерпуль») аталған болатын.

Гарет Бэйл осыған дейін ұлттық құрама сапында 42 кездесу өткізіпті. 11 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Өткен маусымда «Тоттенхэм» командасы құрамында 44 кездесу өткізіп, 26 гол соғып, 15 нәтижелі пасымен ерекшеленген еді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осы жаздағы трансфер кезеңінде футбол тарихындағы ең қымбат футболшы болып «корольдік клуб» сапын толықтырған Гарет Бэйлдың осыған дейін аздап жарақат алғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Енді жартылай қорғаушы 19 қазан күні «Сантьяго Бернабеуде» «Малагамен» болатын кездесуге шығады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz