«Реал» Бенземаға риза емес

«Реал» Бенземаға риза емес

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перестің француздық футболшының соңғы кездесулердегі ойынына көңілі толмай жүрген көрінеді...

«Корольдік клуб» қысқы трансфер кезеңінде Карим Бензамены ағылшындық клубтың біріне сатуды жоспарлауда. Бұл туралы Football Espana хабарлап отыр. Әзірге шабуылшыға лондондық «Арсенал» мен «Челси» қызығушылық танытуда.

Карим Бенземаның мадридтік клуб сапынан кетуіне соңғы кездесулердегі ойынымен қатар, соңынан ерген қауесет сөздер де себеп болып отыр. Сонымен қатар, «Реал» басшылығы шабуылшыны «Манчестер Сити» футболшысы аргентиналық Серхио Агуэромен ауыстырудың да жолын қарастырып отырған көрінеді. Ал француздық шабуылшыны 20 миллион евроға бағалауда. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: wallplanet.ru

Ө. Сансызбай