Кличко Поветкинді сенімді түрде жеңді (видео)

Кличко Поветкинді сенімді түрде жеңді (видео)

Мәскеудің «Олимпиский» спорт кешенінің шаршы алаңында әлемнің бокссүйер қауымы бес жыл күткен кездесу де аяқталды. Украиналық Владимир Кличко қарсыласы ресейлік Александр Поветкинді еш қиналыссыз тізе бүктірді.

«Олимпиский» шаршы алаңына бірінші болып WBA тұжырымының тұрақты чемпионы ресейлік Александр Поветкин көтерілді. Қарсыласы - аса ауыр салмақтағы IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша әлемнің абсолютті чемпионы украиналық Владимир Кличко.

Бірінші раундта украиналық боксшы Владимир Кличко өзіне сенімді түрде қозғалды. Ал Александр Поветкиннен қобалжу анық байқалып тұрды. Аса ауыр салмақтағы қос қарсылас  ұстасумен уақыттарының көбін өткізді.  Екінші раундта да қарсыласына соққы жасауға асығумен болған Александр өзін шаршата бастағадай сыңай танытты. Қорғаныста жүріп, осал тұсын аңдумен жүрген Владимир Кличко бірнеше рет қарсыласына соққысын дарытып да үлгерді. Поветкин қанша соққы жасауға тырысқанымен, жұдырығы жел қармаумен болды. Ал қолы ұзын Владимир өз сәтін жібермеуге тырысты. Жетінші раундта украиналық боксшы өзінің мықтылығын таныта бастады. Ресейлік боксшы қатарынан екі рет нокдаунға түсті. Тоғызыншы раундта ресейлік боксшы тағы да бір тізерлеп тұрды. Владимир Кличко шаршы алаңда қорғаныста жүріп, қарсыласын сан соқтырумен болды. Екінші нөмірмен өнер көрсеткен Кличко қарсылас шабуылына сәтті жауап қатуымен ерекшеленді.

Мәскеудің «Олимпиский» спорт кешенінде 12 раундтқа созылған шаршы алаңдағы кездесуде украиналық Владимир Кличко Александр Поветкинді сенімді түрде жеңді. Осылайша аса ауыр салмақтағы IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша әлемнің абсолютті чемпионы атағын қорғап қалды. 

  

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-express.ua

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады