Кличко қарсыласынан 7 келіге ауыр болып шықты

Кличко қарсыласынан 7 келіге ауыр болып шықты

Жаңа ғана Мәскеудегі «Атриум» сауда орталығында ертең, сенбі күні аса ауыр салмақтағы  IBF, IBO, WBO және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличко мен чемпиондық атаққа үміткер ресейлік Александр Поветкин арасында өтетін кездесуге орай боксшылардың салмағын анықтау рәсімі аяқталды. Ол бойынша украиндық боксшы 109,6 келі нәтижесін көрсетсе, ал Поветкин 102,4 келі тартты.  

Осылайша әлем чемпионы белбеуге үміткер боксшыдан 7,2 келіге ауыр болып шықты.  

Айта кетейік, 37 жасар Кличко итальяндық Франческо Пианетаға қарсы өткізген соңғы кездесуімен салыстырғанда 3,4 келіге жеңіл тартып отыр. Ал 33 жасар Поветкин болса Анджей Вавжикпен болған жекпе-жектен кейін 1,2 келі салмақ тастаған екен.

Естеріңізге салсақ, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы және WBA тұжырымының тұрақты чемпионы Александр Поветкин мен 1996 жылғы Олимпиада чемпионы және бірнеше тұжырымдар бойынша алтын белбеудің иесі Владимир Кличко арасындағы көпшілік асыға күткен кездесу ертең "Олимпийский" спорт кешенінде Астана уақыты бойынша түнгі сағат 01:00-де басталады.

Айта кетейік, осыған дейін Кличко кәсіпқой рингте 60 рет жеңіске жетіп (51 нокаут), үш рет жеңіліске ұшырады. Ал Поветкин 26 рет рингке шығып, барлығында да жеңіс тұғырына көтерілген. 18 кездесу уақытынан бұрын аяқталды.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ©Сергей Румянцев

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

42 500 теңгені алудың қағидалары
42 500 теңгені алудың қағидалары
АҚШ компаниясы шөлді ауадан ауыз су алуды жоспарлап отыр
АҚШ компаниясы шөлді ауадан ауыз су алуды жоспарлап отыр
Атақты стадион COVID-19 құрбандарына арналған ескерткіш кешенге айналады
Атақты стадион COVID-19 құрбандарына арналған ескерткіш кешенге айналады
Ғалымдар ғасыр соңына қарай әлем халқының саны азаятынын болжады
Ғалымдар ғасыр соңына қарай әлем халқының саны азаятынын болжады
Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыру жолдары. i-balaqai жобасында − Мадина Билялова
Жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттыру жолдары. i-balaqai жобасында − Мадина Билялова