Еуропа Лигасы. Қолдағы жеңіс сусып кетті (видео)

Еуропа Лигасы. Қолдағы жеңіс сусып кетті (видео)

«Шахтер» алғашқы минуттардан қарсыласты қыспаққа ала бастады. 6 минутта Александр Симчевич өзіне берілген мүмкіндікті пайдалана алмады. 10 минуттан аса қонақтар да ояна бастағандай сыңай танытты. 30 минутта Ариэль Бенадо шәкірттері Александр Мокин қақпасына бірнеше рет қауіп төндіре білді. 37 минутта «кеншілер» ұжымы шабуылына қарқын қосты. Бірнеше рет Шаранов қорғаған қақпаны дәл көздеп көрді. «Шахтер» дегеніне 39 минутта қол созды. Стандартты жағдайда Геворг Казарянның аырған пасын Андрей Финонченко баспен бағыттап кездесудегі есепті ашты. Қарағандылық команда мұнымен тоқтап қалмайтынын сездіре білді. 45 минутта Евгений Тарасов есепті 2:0-ге жеткізді. 

Екінші таймда «Маккаби» сауатты ойнауға тырысқандай сыңай танытты. Бас бапкер командадан екі футболшыны тыңнан қосты. Бұл командаға нәтиже де сыйлады. 54 минутта қорғаушылардың қателігінен кейін, Александр Мокин қақпасынан допты алып шығуға мәжбүр болды.Бұл голды Эзра өз еншісіне жазды.  Қонақтар екінші таймда жеңілмеудің жолын қарастыра бастағандай сыңай танытумен болды.  60 минуттан аса ғана қарағандылық команда кездесудегі  ойынды тең дәрежеде ұстауға ұмтыла бастады.  Бірнеше рет соққы да бағыттап көрді. 80 минутта Александр Симчевичтің қателігінен кейін екінші таймда алаңға шыққан Алон Тургеман есепті теңестіріп кетті. Кездесу соңында Виктор Кумыков шәкірттері алға шығуға асыққанымен, бәрі де кеш еді. Осылайша қазақ футболының тарихында еурокубок топтық кезеңінің алғашқы ұпайы қоржынға түсті.

«Шахтер»(Қарағанды, Қазақстан)  — «Маккаби» (Хайфа, Израиль) 2:2 (2:0)
Гол: 
Финонченко 40 (1:0), Тарасов 45 (2:0), Эзра 54 (2:1), Турджеман 79 (2:2)
Ескертулер: Каньяс 49, Джидич 64
«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Тарасов (Байжанов 66), Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян (Муртазаев 90), Каньяс, Финонченко (Дарабаев 81), Хижниченко
«Маккаби»: Шаранов, Тватха, Габай, Пилявский, Райо, Голаса, Цоцалич, Ядин, Ндлову (Турджеман 46), Райян (Эзра 46), Абухазира (Веред 77)
Төреші: Иштван Вод (Венгрия) 

"L" тобында "Шахтермен" бірге өнер көрсететін "АЗ Алкмаар" мен "ПАОК" 1:1 есебімен тең тарқасты. 82  минутта алаң иелері сапынан Джеффри Гувелеув есеп ашса, грек командасы төреші қосқан қосымша уақытта есепті теңестіріп кетті. Гол авторы - Дмитрис Салпингидис. 

 "L" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   ПАОК 2 1 1 0 3:2 4
2.   АЗ Алкмаар 2 1 1 0 2:1 4
3.   Шахтер  2 0 1 1 3:4 1
4.   Маккаби Хф     2 0 1 1 2:3 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.kz

Ө. Сансызбай