"Алтын допқа" таласатын 10 ойыншы да "Барсадан"

"Алтын допқа" таласатын 10 ойыншы да "Барсадан"

"Алтын допқа" "Барселонаның" 10 ойыншысы үміткер. Толықтырылған құрамға каталондықтардың он ойыншысы еніп отыр екен.

"Алтын доп" сыйлығына үміткерлердің толықтырылған құрамы белгілі болды, деп хабарлайды El Mundo Deportivo.

Тізімге каталондық "Барселонаның" 10 ойыншысы енген: Лионель Месси, Неймар, Андрес Иньеста, Серхио Бускетс, Жерар Пике, Дани Алвеш, Сеск Фабрегас, Хавьер Маскерано, Хави Эрнандес және Жорди Альба.

Сонымен бірге, жүлдеге таласатындар: 

Криштиану Роналду, Серхио Рамос (екеуі — «Реал»), Месут Озил («Арсенал»), Франк Рибери, Арьен Роббен (екеуі — «Бавария»), Роберт Левандовски («Боруссия»), Дидье Дрогба («Галатасарай»), Яя Туре («Манчестер Сити»).

"Алтын допқа" үміткерлердің ресми тізімі 29 қазан күні жарияланады. 

Айта кетерлігі, Висeнтe Дeль Бoскe, Юпп Хaйнкeс, Жoзe Мoуринью мен Пeп Гвaрдиoлa секілді мамандар жылдың ең үздік бапкерлігіне талас қылмақ.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: mundodeportivo.com

Л. Лига